{metadescription}
Алматылықтарды атыс пен жарылыс дыбыстарына алаңдамауға шақырды

Алматылықтарды атыс пен жарылыс дыбыстарына алаңдамауға шақырды

Алматы қаласында 26 қыркүйекте аумақтық қорғаныс бойынша «Қорғау-2024» арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өтеді.

Оқу-жаттығу Жетісу ауданында, «ЖЭО-1» аумағында өтеді. Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын дыбыстық эффектілерге алаңдамауға шақырды.

«Оқу-жаттығу барысында әртүрлі қаруды қолданудың сыртқы белгілеріне ұқсайтын жабдықтар қолданылады. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына алаңдамауды және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз», - деп хабарлады Алматы қаласының Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде