{metadescription}
Өскеменде ер адам өзенге құлап кеткен

Өскеменде ер адам өзенге құлап кеткен

ШҚО-да көпірден өзенге құлап кеткен ер адамды құтқарылды.

Түн ортасында Өскемен тұрғындары полицияға Үлбі көпірінен өзенге құлаған ер адам туралы хабарлады. Оқиға орнына патрульдік полицейлер жедел жетті. Өзенге құлап кеткен азамат адамдарды көмекке шақырған.

"Қатты ағыс салдарынан оған жүзіп жету мүмкін болмады, сондықтан біз құтқару құралдарын лақтырып, жағаға шығардық", – деді полиция қызметкерлері.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында ер адам аман-есен құтқарылды. Ол абайсызда құлап кеткені анықталды. Жәбірленуші дәрігерлерге тапсырылды.

Дереккөз: Zakon.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде