{metadescription}
Қырғызстанда балаларды шетелге сату үшін асырап алған

Қырғызстанда балаларды шетелге сату үшін асырап алған

Қырғызстанда кәмелетке толмаған балаларды заңсыз асырап алып, кейіннен сату мақсатында елден тыс жерлерге тасымалдаған тұрақты трансұлттық қылмыстық ұйым қызметінің жолы кесілді.

Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл қылмыстық топтың құрамында 2022 жылдан бері айла-шарғы жасау, пара алу және Қырғыз Республикасының заңнамасын бұзу жолымен әлеуметтік осал отбасылардан шыққан қырғыз балаларына қамқорлық алуға толық құқық алған шетелдіктер мен Қырғызстан азаматтары болды. Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 166-бабы («Адам саудасы») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

20 қыркүйекте оқиғаға қатысы бар тұлғалар ұсталып, ҰҚМК уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Қазіргі уақытта арнайы қызмет қылмыстық ұйымның басқа мүшелері мен олардың сыбайластарын, сондай-ақ барлық жәбірленушілерді анықтау бойынша жедел-іздестіру және жедел іс-шараларды жалғастыруда. 

Бұл іс бойынша күдіктілер қамауға алынды.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.