{metadescription}
Отбасы банктен үй әперем деп алдаған алаяқ 55 млн теңгені қалтасына басқан

Отбасы банктен үй әперем деп алдаған алаяқ 55 млн теңгені қалтасына басқан

Астанада ипотекалық несиелеу саласындағы алаяқтық әшкере болды. 

Қала тұрғыны өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, «Отбасы банк» АҚ арқылы бастапқы жарнасыз ипотекалық тұрғын үй сатып алуға көмектесе алатынын айтып ақпарат таратқан.

Мысалы, танысына банктен аукционда сатылатын тыйым салынған үш бөлмелі пәтерді ипотекаға сатып алуды ұсынған.

Аукционға қатысу үшін 630 мың теңге сұраған. Біраз уақыттан кейін ипотека рәсімдеу үшін шот ашып, 11 млн теңге көлемінде ақша салу қажеттігін хабарлаған. Осыған ұқсас сылтаулармен танысын алдап, сенімін теріс пайдалана отырып, жалпы сомасы 14 млн теңгеден астам ақшаны алаяқтық жолмен иемденген.

Оның қылмысынан 22 жәбірленушіге 55 млн теңгеден астам материалдық шығын келді. 

Кінәлі тұлға 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушілердің азаматтық талап арыздары қанағаттандырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Прокуратура алаяқтық жасағандардың мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. 

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде