Жедел жәрдем тәулік бойы қызмет көрсетпеуі мүмкін — министрлік түсініктеме берді
Қазақстанда жедел медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына өзгеріс енгізу жөніндегі бұйрықтың жобасын әзірлеген болатын.
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform
09:12 26.09.2024
Алайда бірқатар БАҚ-та жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасының мазмұны қате жарияланды. Осыған байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме берді.
«Бүгін бірқатар БАҚ-та жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасының мазмұнын қате түсіндіру жарияланды. Осыған байланысты біз түсіндіреміз: бұрынғыдай, 103 нөміріне қоңырау шалу арқылы барлық пациенттер шақырту санатына қарамастан толық көлемде медициналық көмек ала алады.
Сонымен қатар, жеделдікті жақсарту үшін жұмыс уақытында шұғылдықтың IV санатындағы шақыртуларға қызмет көрсетуге медициналық-санитариялық алғашқы көмектің мобилдік бригадалары тартылатын болады. Кешкі және түнгі уақытта, сондай-ақ демалыс күндері барлық санаттағы шақыртуларға жедел көмек бригадалары қызмет көрсететін болады. \
Осылайша, азаматтар үшін ештеңе өзгермейді, бірде-бір шақырту назардан тыс қалмайды және пациенттерге қызмет көрсетудің жеделдігі мен сапасы одан әрі жақсарады», — деді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Айгерім Уразалиева.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!