{metadescription}
Ақтөбеде кәмелет жасқа толмағандар биыл 45 қылмыс жасады

Ақтөбеде кәмелет жасқа толмағандар биыл 45 қылмыс жасады

Биыл 8 айда кәмелетке толмағандар 45 қылмыс жасаған. Ал оларға қатысты 109 қылмыс тіркелді.

Бұл туралы облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Ардана Саймағамбетов колледж білім алушыларымен кездесуінде айтты. Ақтөбе облысында соңғы кездері мектеп оқушылары мен колледж білім алушылары арасында тіркелген қылмыс резонанс тудырып тұр. Жаңа оқу жылы басталғанда полиция мен білім саласына жауаптылар бірлесіп, түрлі кездесу өткізді. 

- Жасөспірімді қылмыстық, әкімшілік жауапқа тарту мақсат емес. Бір баланы жауапқа тартсақ, оның арты неге әкеліп соғатынын 10 бала көрсек екен дейміз. 8 айда жасы кәмелетке толмағандар 45 қылмыс жасады. Былтыр 75 дерек тіркелді. Екі есеге төмен. Алайда биыл тіркелген 45 қылмысты 48 жасөспірім жасап тұр. Оның 29-ы колледж білім алушысы, қалғаны мектеп оқушылары. Жоғары оқу орнының студенттері жоқ. Темір ауданында болған оқиға бәрінің есінде. Ауылда жалғыз мектеп бар. Онда 245 оқушы білім алады. 9, 10, 11 сыныпта 38 оқушы оқиды. Оның 20-ы қыз. Сонда 18 ұл қалып тұр. Басы бір ауылға сыймай жатыр,- деді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Ардана Саймағамбетов.

Оның айтуынша, бұрын есепте тұрған балалар қылмыс жасайтын. Көбіне әлеуметтік жағдайы төмен, толық емес отбасы балалары болған. Қазір лауазымды тұлғалардың да балалары заң талаптарын бұзады, деп жазады kazinform

- Жас кәмелетке толмағандарға қатысты 109 қылмыс тіркелді. Бұл ұрып-соғу, тартып алу деректері. Таяуда колледждің 2-курс студенті 50 мың теңгені бопсалап алған. Қылмыстық кодекстің «Қорқытып алу» бабымен іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Күдікті қамалды,- деді Ардана Саймағамбетов.

Айта кетейік, биыл 50 бала үйінен кетіп қалған. Олардың 20-ы ата-анасынан ұрысып қалған, 5-і сабаққа қатысқысы келмеген. Ал қалғаны өз бетімен өмір сүргісі келетінін айтқан. 

- Облыстағы барлық мектепте, сонымен бірге техникалық-кәсіптік колледжде ата-аналарды қолдау орталығы ашылды. Жан ахуалы психологиялық орталығы да жұмысын бастады. Балаларымыздың арасындағы психоэмоционалдық тұрақсыздық, күйзеліске тез берілу, әлімжеттік көрсету, буллингтің бәрінде психологиялық мәселелердің бар екені белгілі. Орталықта психологтар, әдіскерлер жұмыс істейді. Оқушыларға, мұғалімдерге, ата-анаға кеңес береді,- деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Дина Жаманбаева. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде