{metadescription}
Құлсарыда су тасқынынан кейін бой көтерген жаңа шағын ауданға автобус қатынайды

Құлсарыда су тасқынынан кейін бой көтерген жаңа шағын ауданға автобус қатынайды

Атырау облысынның Құлсары қаласында су тасқынынан кейін бой көтерген жаңа шағын аудан тұрғындары үшін қоғамдық көлік қатынайтын болды.

Жылыой аудандық әкімдігінің мәліметінше, Құлсары қаласы мен «Болашақ» шағын ауданы аралығына қатынайтын қоғамдық көлік 1 қазаннан бастап жүре бастайды. 

«Аталған шағын ауданға қалаішілік №9 маршрут қатырайды. Бұл маршрутта желіге 6 автобус бөлінеді», -деп хабарлады аудандық әкімдіктен. 

Әкімдіктің дерегіне қарағанда, «БатысТехИнвест» ЖШС-нің қоғамдық көліктері Құлсары қаласында және 5 ауылдық, 1 кенттік округке 12 бағытпен жолаушы тасымалдайды. Серіктестік 2019 жылы құрылған. Қазір серіктестіктің балансындағы «Анкай», «Паз Вектор», «Газел Некст» секілді 80-ге жуық автобустың 27-сі жақында алынған. 

«Қоғамдық көліктер соңғы үлгідегі әрқайсысы 22 орындық Yutong автобусымен толықты. Аталған автокөліктер Құлсары қаласының аумағында жолаушы тасымалдайды. Техникалар метан газымен жүреді», - деп мәлім етті аудандық әкімдіктен. 

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.