{metadescription}
Елімізде жанар-жағармай бағасы өзгеруі мүмкін бе

Елімізде жанар-жағармай бағасы өзгеруі мүмкін бе

Алматыда халықаралық KIOGE конференциясы өтті. Іс-шараға қатысқан ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда алдағы уақытта жанар-жағармай бағасының күрт өспейтінін айтты.

Ведомство басшысының айтуынша, қазіргі уақытта бензин қоры шамамен 22 күнге, ал дизель отыны 35 күнге жетеді. Ол жанар-жағармай қоры ауыл шаруашылығындағы егін жинау науқаны мен Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарланған жөндеу жұмыстарын ескере отырып қалыптасқанын атап өтті.

– Біз шекара арқылы өнімдеріміздің заңсыз өту үрдісінің үдеп бара жатқанын байқап отырмыз. Ішкі нарық пен көрші мемлекеттердің бағалары арасында айтарлықтай айырмашылық бар. Біз ішкі нарықты тұрақты қамтамасыз етуге теріс әсер етуі мүмкін бұл тәуекелді көріп отырмыз, - деді министр.

Сондай-ақ министр жанар-жағармай бағасын күрт өсіру жоспарда жоқ екенін айтты. Өйткені Үкімет әлеуметтік жауапты тәсілді ұстанады. Алайда ол бағаның жоспарлы өсуі күтілетінін жоққа шығармады.

– Бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтары үшін газ және мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуге байланысты бастапқы қажеттіліктерді қоса алғанда, коммуналдық қызметтер бағасының өсуін өтеуге мүмкіндік беретін атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) және әлеуметтік әмиян бағдарламаларын іске қосу жоспарланып отыр. Осы тетік әзірленгеннен кейін бағаның өсуі Үкіметтің бағдарламасына сәйкес, біз Ұлттық Банк пен Үкімет белгілеген инфляция дәлізіне бағдарланатын индикаторларға сәйкес біркелкі жүзеге асырылатын болады, - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.