{metadescription}
Маңғыстауда 300-дей адамды сан соқтырған алаяқтардың жазасы қатаңдатылды

Маңғыстауда 300-дей адамды сан соқтырған алаяқтардың жазасы қатаңдатылды

Маңғыстау облысында 294 адамды алдап, 2,8 миллиард теңге шығын келтірген екі күдіктіге қатысты апелляциялық сот өтіп, олардың жазасы ауырлатылды.  

Аталған іс бойынша апелляциялық сот 2 сотталушының жаза мерзімдерін ұзартты. 

Маңғыстау облыстық соты А. мен Б.-ге қатысты үкімді, прокурордың өтінішхаты, сотталушы мен оның адвокаты және жәбірленушілер өкілінің апелляциялық шағымдары негізінде апелляциялық алқада істі қараған.

Прокурор А. мен Б.-ны ҚК-нің 262-бабымен ақтау негізсіз деп, бірінші сатылы соттың үкімін бұзып, тергеу органы таққан айыппен кінәлі деп танып, мүліктерін тәркілей отырып, А.-ға түпкілікті 13 жыл, Б.-ға 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. 

Жәбірленушілердің өкілі прокурордың шағымына ұқсас уәж келтіріп, А. мен Б.-ның жаза мерзімдерін ұзартуды сұрады.

Ал, сотталған А. мен Б. және олардың адвокаттары бірінші сатылы соттың үкімін бұзып, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұраған.

Аппелляциялық сот алқасы бірінші саты сотының үкімін бұзып, жаңа айыптау үкімін қабылданды.

Соған сәйкес, А. ҚК-нің 262-бабының 1-бөлігімен, 190-бабының 4-бөлігінің 1,2) тармақтарымен, 218-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес, жазаларды ішінара қосу арқылы түпкілікті 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ал, Б. ҚК-нің 262-бабының 2-бөлігімен, 28-бабының 5-бөлігімен, 190-бабының 4-бөлігінің 1,2) тармақтарымен кінәлі деп танылып, ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес, жазаларды iшiнара қосу арқылы түпкілікті 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылды.

Сондай-ақ, А.-ның қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүліктері жәбірленушілерге залалды өтеу есебінде өндірілетін болды. 

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.