{metadescription}
Атырау облысында білім мекемелеріндегі қаржы жымқыру дерегі онлайн бақыланады

Атырау облысында білім мекемелеріндегі қаржы жымқыру дерегі онлайн бақыланады

Атырау облысында білім мекемелері қаржы жымқыру дерегі онлайн бақылауға алынды.

Бұл саладағы жемқорлықты болдырмауға ықпал етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахиннің айтуынша, мектеп директорлары мен есепшілеріне бірыңғай бухгалтерлік есеп жүйесінің принциптері, ықтимал жымқыру дерегін онайн-бақылау түсіндірілген.

«Былтыр білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді. Талдау кезінде бюджет қаржысын жоспарлау және игеру кезінде педагогтердің еңбегіне ақы төлеу қорынан қаржы ұрлау схемалары ашылды. Ұрлықтың көптеген дерегіне бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру процесін автоматтандырудың, бұзушылықтардың алдын алу тетіктерінің, бухгалтерлік есеп жүйесі мен мемлекеттік дерекқорлар интеграциясының болмауы әсер еткен. Департамент тарапынан тиісті органға 11 ұсыныс берілді. Сол ұсыныстың 7-еуі орындалды. Ал, 4 ұсыныс әлі орындау сатысында тұр», - дейді Нұрлан Жахин.

Оның айтуына қарағанда, бюджеттік өтінімді қалыптастыру автоматты форматқа толық ауыстырылған. Ал, әр мектепте жеке бухгалтерлік есептің жеке ақпараттық жүйелерін сатып алу тәжірибесі тоқтатылған. 

«Жалған есептеулерге жол бермейтін форматты-логистикалық бақылауы енгізілген бухгалтерлік есептің бірыңғай жүйесін орталықтандырылған сатып алуға ауыстырылды. Білім ордаларында «өлі жандарды» болдырмау мақсатында қызметкерлердің келуін тіркеу жүйесін енгізу туралы талап регламенттелді», - деп мәлім етті Нұрлан Жахин.

Бұл әдіс педагогтердің еңбегіне ақы төлеу қорын қаржыландыру жүйесін толық қайта қарауға ықпал еткен. Сондай-ақ, жымқыруды барынша азайтуға септігі тиіп отыр. 

«Енді әрбір төлем ашық жүргізіледі. Электронды төлем міндетті түрде өңделеді. Оны аударудың заңдылығы тұрғысынан тиісті баға беріледі. Қаржы саласының әр қызметкерін өз міндетін адал атқаруға шақырамыз», - дейді Нұрлан Жахин.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.