{metadescription}
Зияткерлік меншік құқығы комитетінің басшысы тағайындалды

Зияткерлік меншік құқығы комитетінің басшысы тағайындалды

26 қыркүйекте ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі Әділет министрлігіндегі жаңа тағайындау туралы мәлімдеді.

Әділет министрінің бұйрығымен Шолпан Тоқтарқызы Әбдіреева ведомствоның Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Шолпан Әбдіреева 1975 жылы Астана қаласында дүниеге келген. "Әділет" Жоғары заң мектебін, Турин университетін (Италия) бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы Ақмола қалалық халық сотында бастаған.

Әр жылдары Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің, Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің, Әділет министрлігінің, Еуразиялық патенттік ұйымның құрылымдарында жұмыс істеді.

2023 жылы — Астана қаласы сотының судьясы.

2023 жылғы мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқықтары департаментінің директоры.

24 қыркүйекте Тоқаев Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшысын ауыстырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.