{metadescription}
СҚО-да биыл жеті ауыл картадан жойылады

СҚО-да биыл жеті ауыл картадан жойылады

Солтүстік Қазақстан облысында 635 ауыл болса, соның 141-інде халық саны елуге жетпейді. Биыл жеті елді мекен картадан мүлде жойылмақ.

СҚО ауыл санының көптігінен ел бойынша бірінші орында тұр. Алайда бірер жылда өңір бұл ерекшелігінен айрылып қалуы мүмкін. Ауылдардан адамдар көшіп жатыр.

СҚО әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаевтың айтуынша, облыста қазір 45 елді мекенде тұрғындар саны 10-ға жетер-жетпес. Жеті ауыл мүлде тұрғынсыз қалған. 

«Ауыл» санатындағы кейбір елді мекендер бойынша сәйкессіздік бар. Әкімшілік-аумақтық құрылымды реттейтін заңнамаға сәйкес, ауыл саналуы үшін халық саны кемінде 50 адам болуы қажет. Сондықтан талапқа сай келмейтін елді мекендер ыдыратылып жойылуы керек. Бүгінде ауылдарды реформалау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, бұл сапалы басқаруға және бюджет қаражатын неғұрлым болашағы бар елді мекендерге шоғырландыруға көмектеседі», — дейді Қанат Дүзелбаев.

Ауылда өмір сүру сапасын жақсарту, ауылдық жерлерде инфрақұрылымды жаңарту мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Ауыл — ел бесігі» жобасы жүзеге асырылып келеді. 

Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, 2019 — 2023 жылдары осы бағдарлама аясында болашағы зор 116 ауылдың 37,4 млрд теңгеге әлеуметтік инфрақұрылымы жаңғыртылды.

Биыл 59 ауылда 77 жобаны іске асыруға шамамен 14 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде ауылдардың 160 мыңнан астам тұрғынының тұрмыстық жағдайы жақсарды, 1,1 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. 

Жалпы 2027 жылға дейін жыл сайын кемінде 50 ауылды жаңғырту жоспарланған. 

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.