{metadescription}
Алматыда элиталық тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

Алматыда элиталық тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

Алматыда Autograph тұрғын үй кешенінің құрылысында бұзушылықтар анықталды.

Қалалық құрылыс бақылау басқармасының мәліметінше, Жамакаев көшесінде салынып жатқан тұрғын үй кешеніні жобадан ауытқыған.

«Атап айтқанда, «Benta» ЖШС тапсырыс берушісі Autograph ТҮК қабаттылық нормасын бұзған. Эскиздік жобаға сәйкес, нысан 3 қабат + техникалық қабаттан тұруы керек. Алайда қазір кешеннің оңтүстік-батыс жағында 4 қабат, солтүстік-шығыс жағында 3 қабат бар. Сонымен қатар, нысанның ең биік жері шамамен 18 метр, ал рұқсат етілген биіктік 12 метрден аспауға тиіс», - деп хабарлады басқармадан.

Қазіргі уақытта Autograph ТҮК-нің құрылыс-монтаждау жұмыстары тоқтатылып, бір ай ішінде бұзушылықтарды түзету және нысанды рұқсат беру құжаттамасына сәйкестендіру туралы нұсқама берілді.

«Айта кету керек, талаптарды орындамау сот талқылауларына, соның ішінде нысанның жартылай бұзылуына әкелуі мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы Алматы қаласының мәслихатының шешімімен және әкімдіктің ұсынысы негізінде құрылыс ережесіне бірқатар өзгеріс енгізілген болатын», - деп атап өтті ведомстводан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.