{metadescription}
Атырауда жоғарғы қабаттан құлаған 2 жасар бала жансақтау бөліміне түсті

Атырауда жоғарғы қабаттан құлаған 2 жасар бала жансақтау бөліміне түсті

Бүгін Атырау қаласында тағы бір тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан құлады. Қазір 2 жасар бала аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға бүгін, 26 қыркүйекте болған. 

«Түскі сағат 12:43–те жедел жәрдем стансасының диспетчерлік пультіне кішкентай баланың терезеден құлауына байланысты шақырту түсті. Жедел жәрдем „Модерн Сити“ тұрғын кешеніндегі 15г үйдің терезесінен құлаған баланы облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Жарақат алған бала 2022 жылы туған. Баланың жағдайы өте ауыр. Қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Дереккөз: Kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.