{metadescription}
Алматы орталығындағы көшелердің бірі уақытша жабылады

Алматы орталығындағы көшелердің бірі уақытша жабылады

Алматы қаласы Әуезов ауданында 27 қыркүйекте сағат 22:00-ден 28 қыркүйек сағат 08:00-ге дейін Алтынсарин даңғылы бойымен №6 қалалық емханадан Абай даңғылына дейін оңтүстік бағытта көлік қозғалысы жабылады. Солтүстік бағытта қозғалыс ашық болады.

Уақытша шектеулер жылумен жабдықтау желілерін алдағы жылу беру маусымына дайындау шаралары аясында магистральдық құбыр учаскесінде жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.

- Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жолды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде