Алматыда сауда бутиктері өртенді
Бүгін, 27 қыркүйекте таң сәріде Алматы қаласы Алатау ауданында сауда бутиктері қызыл жалынға оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фото: Zakon.kz
10:34 27.09.2024
ҚР ТЖМ мәліметінше, оқыс оқиға Алғабас шағын ауданында болған. Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында алдын ала 70 ш.м. алаңдағы өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
"ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды",- делінген хабарламада.
Бұған дейін Балқашта құбыр ауыстыру жұмыстары кезінде жер астынан үш адамның денесі табылғаны хабарланды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары