Алматы облысында оқушы қыздар қатарласынан ақша бопсалаған
Алматы облысында жасөспірім қыздар өздері қатарлас қызға қысым көрсетіп, одан ақша бопсалаған.
Фото: видеодан алынған скрин
11:56 27.09.2024
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов мәлім етті. Айтуынша, Қарасай ауданының полиция қызметкерлері 15 жасар оқушыдан ақша бопсалауға қатысы бар кәмелетке толмаған қыздардың ата-аналарын анықтап, оларды жауапқа тартты.
«Тергеу барысында кәмелетке толмаған қыздардың құрдасына психологиялық қысым көрсетіп, одан ақша талап еткені анықталды. Құқық бұзушылардың жасын ескере отырып, полиция ата-аналарын бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тарту бойынша жұмыс жүргізді. Бұл факт Қарасай ауданының полиция басқармасында тіркелді, іс материалдары сотқа жөнелтілді», – дейді Бауыржан Әленов.
Қазір ювеналды полиция қызметкерлері тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ болашақта мұндай жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды қолға алды. Бұған дейін Алматы облысында әлімжеттік жасаған жасөспірімдер үстінен іс қозғалғаны туралы жазған едік.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары