{metadescription}
Ақтөбеде «Батыр ана» әрі тыл ардагері тұрғын үй кезегіндегі санатын сот арқылы дәлелдеді

Ақтөбеде «Батыр ана» әрі тыл ардагері тұрғын үй кезегіндегі санатын сот арқылы дәлелдеді

Ақтөбеде 10 баланың анасы пәтер кезегіне тұрып, ондағы санатын өзгерте алмай сотқа жүгінді.

Оның тұрғын үй кезегіне алынғанына 14 жыл болған. Ақтөбелік тұрғынға 1974 жылы «Батыр ана» атағы беріледі. Ал, 2009 жылы оған тыл ардагері мәртебесін алған. Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, зейнеткер соғыс мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар қатарына жатады.  

– 2010 жылы талап қоюшы жасына қарай зейнетке шыққан зейнеткерлер санаты және соғыс мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар санаты бойынша мемлекеттік тұрғын үйге мұқтаждар тізіміне енгізілді. Зейнеткер мемлекеттік органға арыз жолдап, өз кезегін «Батыр ана» санатына ауыстыруды сұраған. Жауапкер «Батыр ана» санатына ауыстыруға негіз жоқ және бұл санатқа тіркелетін болса, кезектілік нөмері қайта басталады деген уәждер келтірген.

Батыр ана Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жүгінді. ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының1997 жылғы редакциясында «Батыр ана» санаты болмаған, олардың бөлек тізімі жүргізілмеген. Алайда 2019 жылда аталған Заңға өзгертулер енгілізіліп, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелері немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған тұлғаларды тұрғын жаймен бірінші кезекте қамтамасыз ету көзделген.

Осыдан бастап мемлекеттік орган арнайы тізім жасауы керек еді. Сот 2011-2023 жылдар аралығында кезектің жылжу динамикасын зерделеп, тізімнің тиісті түрде рәсімделмейтінін, ретсіз және сауатсыз жүргізіліп отырғанын анықтады. Салдарынан талап қоюшы 89 жастағы аз қамтылған зейнеткер, Батыр ана және тыл ардагері 14 жылдан бері мемлекет тарапынан үймен қамтамасыз етілмеген, - деп хабарлады Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының баспасөз қызметі. 

Сот зейнеткердің құқығын қорғап, «Батыр ана» ретінде мемлекеттік тұрғын үйді алуға бірінші кезектілік тізіміне ауыстыруды міндеттеді. Сот шешімі заңды күшіне енді және орындалды. 

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.