{metadescription}
Елордада тұрғын үйге жапсарлас салынған кафеде газ баллоны жарылды

Елордада тұрғын үйге жапсарлас салынған кафеде газ баллоны жарылды

Астанада тұрғын үйге жапсарлас салынған кафеде газ баллоны жарылып, бірнеше адам жарақат алды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасынан пациенттердің қазіргі жағдайы туралы сұраған едік. 

«Бүгін (28 қыркүйек) газ баллонының жарылуы салдарынан Ақыртас көшесіндегі дәмхананың 6 қызметкері (барлығы ер адам) зардап шекті. Олар жедел медициналық жәрдем бригадасымен №1 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізіліп, бейінді мамандар қарады. Зардап шеккендердің төртеуінің әртүрлі дәрежеде беті мен денесін күйік шалып, шок алған, қалған екеуі түтіннен уланған», - деп хабарлады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.

Ақпаратта айтылғандай, төрт пациент 1 КҚА-ның политравма, эндопротездеу және комбустиология орталығына жатқызылған. 

«Зардап шеккен екі адам 3 және 5% термиялық күйікпен келіп түсті. Тиісті ұсыныстар беріліп, амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді», - дейді басқарманың баспасөз қызметінен.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қираған аумақ шамамен 60 шаршы метрді құрайды, өрт 15 шаршы метрді шарпыған. Тілсіз жау сөндірілді.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде