{metadescription}
Бүгін Қазақстанның алты қаласында ауа ластанады

Бүгін Қазақстанның алты қаласында ауа ластанады

Бүгін Қазақстанның алты қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптаып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

«2024 жылғы 29 қыркүйекте Қостанай, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Алматы қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі», - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде