{metadescription}
Жұмысшылар еңбекақысы қалай өседі

Жұмысшылар еңбекақысы қалай өседі

Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауды және олардың мәртебесін көтеруді ұсынған еді. Осы орайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмысшылар еңбекақысының қалай артатынын түсіндірді. 

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына кезекті жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауды және олардың мәртебесін көтеруді ұсынды және ең алдымен, су, энергетика, құрылыс және басқа да салаларда қатты байқалып отырған кадр тапшылығын жою қажеттігін атап өтті. Алайда еңбек заңнамасына сәйкес Еңбек министрлігі мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақысын реттейді», - деп жазылған салалық министрліктің ресми жауабында.

Президент тапсырмасына сәйкес, 2022 жылдан бастап бюджет саласы қызметкерлерінің жекелеген санаттарының, оның ішінде жұмысшы мамандықтардың жалақысы жылына орта есеппен 20%-ға кезең-кезеңімен көтерілуде. Нәтижесінде 2025 жылға қарай олардың жалақысы 2 есеге артады.

«Өз кезегінде жеке меншік нысанындағы ұйымдардағы қызметкерлер жалақысының мөлшері еңбек, ұжымдық шарттармен белгіленеді және ол жұмыскердің біліміне, орындалатын жұмыстың күрделілігі мен сапасына қарай белгіленеді», - дейді министрлік.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде