{metadescription}
Павлодар облысында өрттен 40 жастағы адам көз жұмды

Павлодар облысында өрттен 40 жастағы адам көз жұмды

ТЖМ өрт сөндірушілері кезекші тәулік ішінде Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында тұрғын үй секторларында 9 өртті жойды.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, өрт сөндірушілер 3 шаруашылық ғимаратында, 3 моншада және 3 жеке үйде өртті жойған.

Құтқарушылардың үйлесімді және жедел жұмысының арқасында барлық өрттер жойылды. 

Ал Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шалдай ауылындағы өртті сөндіру барысында 1984 жылы туған үй иесінің денесі табылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.