{metadescription}
Ақтауда әскери қызметші қаза тапты

Ақтауда әскери қызметші қаза тапты

Бұл туралы Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі хабарлады.

"Үстіміздегі жылдың 28-қыркүйегінде Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде келісімшарт бойынша қызмет ететін, 1985 жылы туған әскери қызметшінің денесі өзі тұрып жатқан пәтерінен табылды. Әскери қызметші бір жылға жуық уақыт декреттік демалыста болған", - делінген хабарламада. 

Алдын-ала ақпарат бойынша әскери қызметшінің өзіне-өзі қол жұмсауына отбасылық-тұрмыстық жанжал негіз болған. Оқиғаның себептері анықталуда. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалды. 

Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

28 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде