{metadescription}
Непалда су тасқынынан қаза тапқандар саны 193-ке жетті

Непалда су тасқынынан қаза тапқандар саны 193-ке жетті

Непалда демалыс күндері жауған нөсер жаңбыр салдарынан болған су тасқыны мен көшкіннен қаза тапқандар саны 193-ке жетті. Дүйсенбіде қалпына келтіру және құтқару жұмыстары күшейді, деп жазады АР.

Көз жұмғандардың көбі ес астанасы Катмандуда болды, онда жауын-шашыннан қаланың оңтүстік бөлігін су басқан. Полиция мәлімдемесінде із-түзсіз жоғалып кеткен 31 адамның әлі табылмағаны және 96 адамның жараланғанын айтылған.

Көшкін Катмандудан шамамен 16 шақырым (10 миль) жерде жабылған тас жолда отызға жуық адамның өмірін қиды. Тас жол жабылғандықтан жолда адамдар көліктерде ұйықтап жатқан. Көшкін кем дегенде үш автобус пен басқа көліктерді басып қалған.

Жұмысшылар тауларды шайып кеткен тастарды, балшықтарды және ағаштарды алып тастау арқылы негізгі Притхви тас жолын уақытша қайта аша алды.

Ішкі істер министрі баспанасынан айырылғандар үшін уақытша баспаналар салынып, қаза болғандардың отбасылары мен су тасқыны мен көшкіннен зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетілетінін хабарлады.

Ауа райының жақсаруы құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жандандыруға мүмкіндік берді.

Сенбі күні су басқан оңтүстік Катманду тұрғындары су деңгейі төмендей бастаған кезде үйлерін тазалауға кіріскен. Су тасқынынан ең көп зардап шеккен Катмандуда кем дегенде 34 адам қаза тапты.

Құтқарушыларға полиция мен сарбаздар көмектесті, ауыр техникалар жолдарды көшкіннен тазарту үшін пайдаланылған. Үкімет Непалдағы мектептер мен колледждерді алдағы үш күнге жабатынын хабарлады.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде