{metadescription}
Сыныптасы мен мұғалімді пышақтаған оқушы сот шешімімен психатриялық емдеуге жіберілді

Сыныптасы мен мұғалімді пышақтаған оқушы сот шешімімен психатриялық емдеуге жіберілді

Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған адамды өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық істі қарады. Биылғы мамыр айында Павлодардағы №14 орта мектебінің оқушысы сыныптасы мен мұғалімді пышақпен жарақаттаған еді. 

Қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды, сондықтан қылмыстың мән-жайын ашу мүмкін емес. Айыпталушы Ж.-ның ісі Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша қаралды.

Сот амбулаторлық және стационарлық сот-психиатриялық сараптамаларын өткізу арқылы айыпталушы Ж.-ның есі дұрыс емес жағдайда қылмыс жасағанын анықтады. Соған сәйкес прокурор мен жәбірленушілер 17 жастағы бозбалаға психикалық ауруының болуына байланысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды сұрады. 

«Қылмыстық кодекстің 16-бабының талаптарына сәйкес, қоғамға қауiптi іс-әрекеттi жасаған уақытта есi дұрыс емес күйде болған. Яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, ақыл-есінің кемдігі немесе психикасының өзге де дертке ұшырауы салдарынан өзінің әрекеттерiнiң iс жүзiндегi сипаты мен қоғамға қауiптiлiгiн ұғына алмаған немесе оларға ие бола алмаған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Мұндай адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылады», - деп түсіндірді өңірлік қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты. 

Сот шешімімен Ж.-ның психикалық ауруының болуына байланысты оған психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық сипаттағы шаралар тағайындалды. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.