{metadescription}
Түркістан облысында 64,5 млн. теңгені құрайтын асфальт төсемі бұзылып, қайта салынды

Түркістан облысында 64,5 млн. теңгені құрайтын асфальт төсемі бұзылып, қайта салынды

Өңірде жаңадан төселген 8 100 м2 асфальт төсемі бұзылып, қайта салынды. Бұл шамамен 64,5 млн.теңгені құрайды. 

Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаевтың сөзіне сүйенсек, басқармамен «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Түркістан облыстық филиалы арасында 237,6 млн. теңгеге келісімшарт түзілген. Бүгінгі таңға дейін жаңадан салынған нысандарға 492 рет аралау жүргізіліп, 1 229 сынама алынған. Нәтижесінде, 559 сынама құрылыс нормаларына сәйкес келсе, 321-і кемшілік нормадан ауытқыған. 

«Қазіргі таңда кемшіліктерді жою бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Осы ретте, 8 100 м2 немесе 64,5 млн.тг құрайтын асфальт төсемі бұзылып қайта салынды. Одан бөлек, 11 нысан бойынша 2 мердігер, 2 техникалық қадағалаушы, 2 авторлық қадағалаушы мекемелерге 7,3 млн.тг айыппұл салынды», - деді Қуатжан Жұматаев. 

Түркістан облысы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 17 700 шақырымды құрайды. Биылғы жылдың қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың үлесін 93,7 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл бағытта, биыл автомобиль жолдары саласын дамытуға бюджеттен 41,4 млрд. теңге бөлінген. Құрылыс-жөндеу жұмыстарының нәтижесінде 1 061,3 шақырым жол жөндеуден өтсе, жыл қорытындысымен тағы 559,6 шақырым жол пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр. 

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.