{metadescription}
Шымбұлақтың арқан жолдары уақытша жабылады

Шымбұлақтың арқан жолдары уақытша жабылады

Шымбұлақ тау курортында қысқы сырғанау маусымына дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Осыған орай, тау курортына баратын арқан жолдардың кейбірі жабық болады.

«Атап айтқанда, бүгіннен бастап 3 қарашаны қоса алғанда «Комби-1» және «Комби-2» арқан жолдары жабық болады. Сондай-ақ, арқан жолдардың күзгі профилактикасы болатын өзге күндер:

— 21 қазаннан 3 қарашаны қоса алғанда «Медеу-Шымбұлақ» арқан жолы жабық болады;
— 21 қазаннан 3 қарашаны қоса алғанда «ККД-4» арқан жолы жабық болады.

21 қазаннан кейін Шымбұлаққа тек эко-автобустармен, таксимен немесе элекрокарлармен көтерілуге болады. «Медеу-Шымбұлақ» автожолы дүйсенбіден жексенбіге дейін 9:00–ден 13:00–ге дейін және 14:00–ден 18:00–ге дейін жабық.

Сондықтан автокөлікпен 9:00–ге дейін, 13:00–ден 14:00–ге дейінгі түскі үзілісте және 18:00–ден кейін өте аласыз. Туристтердің жаяу өтуіне шектеу жоқ, — деп хабарлады тау курортының баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде