{metadescription}
Қазақстан-Қытай шекарасы үш күнге жабылады

Қазақстан-Қытай шекарасы үш күнге жабылады

Қытай Халық Республикасының құрылған күнін мерекелеуге байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобильді өткізу пункті үш күнге жұмысын тоқтады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

«Мемлекеттік кірістер комитеті Қытай Халық Республикасының құрылған күнін мерекелеуіне байланысты 2024 жылғы 1 қазаннан бастап 3 қазанға дейін Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобильді өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктердің өтуі жүзеге асырылмайтынын хабарлайды», — делінген ақпаратта.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штатты режимде жұмысын жалғастырады.

«Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», — деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.

Дереккөз: Kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде