{metadescription}
Қазақстанның 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның 11 облысында 1 қазан күнге ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабар таратты.

Абай облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. Облыстың солтүстігінде, шығысы мен орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында шығыстан, күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз орталықта, облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде: батысында, оңтүстікте және орталықта өрт қаупі жоғары болады. Ақтөбеде жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында да жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында, Алакөл өңірінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. 1-6 қазанда облыстың солтүстігінде, батысында және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 1-6 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

1 қазанда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының басым бөлігінде, облыстың батысында және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада да жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында түнде және таңертең оңтүстікте, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Шығыстан, түнде және таңертең солтүстікте оңтүстік-шығыстан соғатын жел, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 15-20 м/с. Аймақтың басым бөлігінде төтенше (5-класс) өрт қаупі сақталады. Шымкентте 1 қазанда түннің бірінші жартысында найзағай ойнайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Төтенше (5-класс) өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында төтенше (5-класс) өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының басым бөлігінде, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде