{metadescription}
Щучинскідегі оңалту орталығынан өрт шығып, 27 науқас эвакуацияланды

Щучинскідегі оңалту орталығынан өрт шығып, 27 науқас эвакуацияланды

Щучинскідегі оңалту орталығынан өрт шықты. Құтқарушылар мекемеден 27 науқасты эвакуациялады, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, өрт үш қабатты ғимараттың 2 қабатындағы қызмет көрсету палатасынан шыққан. Плафонның қысқа тұйықталуынан 1 шаршы метр жер өртенген.

Зардап шеккендер жоқ. Өрт толығымен сөндірілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде