{metadescription}
ШҚО-да тұрғынның үйінен есірткі табылды

ШҚО-да тұрғынның үйінен есірткі табылды

Факті "Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды, деп хабарлайды polisia.kz.

41 жастағы ауыл тұрғынының үйін тінту кезінде өсімдік тектес бұталар, өсімдік тектес заты бар 14 полимерлі пакет, сондай-ақ құрамында ұқсас заты бар 6 шыны банка және 2 қағаз орамы табылып, тәркіленді.

Тәркіленген заттар салмағы 1,5 келіден асатын кептірілген марихуана және бір келіге жуық кептірілген қарасора өсімдігі болып шықты.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы күтіп тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде