{metadescription}
Ер адам сауда орнындағы адамдарға пышақпен шабуыл жасап, 3-еуін мерт қылды

Ер адам сауда орнындағы адамдарға пышақпен шабуыл жасап, 3-еуін мерт қылды

30 қыркүйек күні кеште Қытайдың Шанхай қаласындағы супермаркеттердің бірінде күдікті пышақпен шабуыл жасап, үш адамның өмірін қиды, деп хабарлайды қытайлық БАҚ.

Шанхай қалалық Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бүгін таңға жуық берген ақпаратына сәйкес, Сунцзян ауданының Сунхуй жолындағы супермаркетте пышақпен шабуыл жасаған 37 жастағы Линь есімді ер адам оқиға орнында ұсталған. 

Мәлімдеме түрлі деңгейде жарақат алған 18 адамның ауруханаға жіберілгені, олардың үшеуі жан сақтау бөлімінде жатқан кезінде кезінде қайтыс болғаны айтылды. 

Әлеуметтік желіде тарап кеткен видеолардың бірінен көгілдір көйлек, қара шалбар киген ер адамның екі қолына пышақ ұстап, супермаркеттің қасынан өтіп бара жатқанын, ал жүргіншілердің жан-жаққа қашып бара жатқанын көруге болады. 

Ал келесі бір бейнежазбада пышаққа жығылған екі адамның жерде қанға боялып жатқаны көрсетілген. 

Қытай полициясының ақпаратына сенсек, алдын ала болжам бойынша, 37 жастағы күдікті Шанхайға басқа аймақтан «жеке қаржылық дауға» байланысты «ашуын шығару» үшін әдейі келген. 

Сунцзян – Шанхайдың оңтүстік-батысындағы халық тығыз орналасқан аудан, Қытайға белгілі Сунцзян университеті қалашығы осы ауданда. 

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде