{metadescription}
ҚазАвтоЖол Түркістан облысындағы жолдың орташа жөндеу учаскесінде ақауларды анықтады

ҚазАвтоЖол Түркістан облысындағы жолдың орташа жөндеу учаскесінде ақауларды анықтады

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиал мамандары республикалық маңызы бар А-15 «Жизақ – Гагарин – Жетісай – Абай – Сарыағаш – Қапланбек – Жібек жолы» автожолының 74-220 шақырымы аралығындағы орташа жөндеу учаскесінде ақауларды анықтады.

Автожолдың 212+600 шақырымында 1600 м² (200 метрге жуық) ауданда жаңадан төселген қиыршық тасты-мастикалық асфальтбетонның ығысуы түріндегі ақаулар белгілі болды.

«Аталмыш учаскеде жөндеу жұмыстарын мердігер мекеме „ӘлемТрансЖол“ ЖШС атқарып жатыр. Мердігер мекемеге барлық анықталған ақауларды жою және сол жұмыстардың сапасы мен қорытындысын растау үшін арнайы аккредиттелген зертханалар мен институттардан растайтын құжатты ұсыну тапсырылды», — деп жазды жауапты ведомстводан.

Қазіргі таңда ақауларды автожол учаскесінде ақауларды жою жұмыстары атқарылып жатыр. Келісімшартқа сәйкес мердігерге анықталған кемшіліктер бойынша айыппұл салынды.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде