{metadescription}
Мектеп автобусы өртенді: қаза тапқандар бар

Мектеп автобусы өртенді: қаза тапқандар бар

Бангкок (Таиланд) маңында 40-тан астам оқушылар мен мұғалімдер мінген автобус өртенді.

Xinhua агенттігінің хабарлауынша, құтқарушыларға автобустың жалынға оранғаны туралы хабарлама жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 00:28-де түскен.

Бастапқы мәліметке сәйкес, автобуста 42-ге жуық жолаушы болған, олардың арасында мектепке дейінгі мекеменің оқушылары мен мұғалімдер бар.

Көптеген жолаушылар зардап шекті, 19 адам құтқарылды, қаза тапқандар да бар.

Бұған дейін Кенияда мектепте болған өрт салдарынан 17 баланың қаза тапқаны туралы хабарланған болатын.

Сондай-ақ, Лейпциг (Саксония федералдық жері, Германияның шығысы) маңында өткен Highfield музыкалық фестивалі кезінде шолу дөңгелегі өртеніп, 30 адам зардап шекті.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.