{metadescription}
Алматыда субұрқақтар маусымы аяқталады

Алматыда субұрқақтар маусымы аяқталады

Алматыда 1 қазаннан бастап қаладағы субұрқақтардың жұмыс маусымы аяқталды. Қызмет көрсететін компания мамандары субұрқақтарды жазғы режимнен қысқы режимге ауыстыруға кірісті.

Алматы әкімдігінен мәлім еткендей, консервациялау жұмыстары екі кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезеңде субұрқақтардан су ағызылады, тостағандары тазаланады. 

«Бұдан әрі оны тексеру және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін жабдықты бөлшектеп, ішінде істен шыққан агрегаттары ауыстырылады. Бұл жаңа маусымға субұрқақтарды дайындауға бағытталған. Сонымен қатар келесі маусымның басына дейін қызмет көрсететін компанияның қызметкерлері субұрқақ тостағандарына шағын жөндеу жұмыстарын жүргізеді», - деп хабарлады әкімдіктен.

Алматыда барлығы 150 субұрқақ бар, оның ішінде 66-сы коммуналдық және 84-і жеке аумақта орналасқан. Олар жыл сайын 1 мамырда іске қосылады және 1 қазанда өшіріледі. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.