{metadescription}
Биыл 1 676 адам коронавируспен ауырды – Бас санитар дәрігер

Биыл 1 676 адам коронавируспен ауырды – Бас санитар дәрігер

Бұл туралы ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сархат Бейсенова айтты.

Орталық референдум комиссиясы отырысындағы дерегінше, коронавирусқа шалдыққандардың арасында өлім-жітім тіркелген жоқ. Сонымен қатар өткен жылмен салыстырғанда науқастану деңгейі 7 есеге төмендеді. Ал қыркүйек айында еліміз бойынша 252 жағдай тіркелді. Бұл 2023 жылдың қыркүйегіндегі мәліметтен 2 есе аз.

«ЖРВИ мен тұмауға келер болса, жыл сайын елімізде, эпидемологиялық маусым кезінде 3-4 млн жіті респираторлық вирустық инфекция және 2 мыңға дейін тұмау тіркеледі. Осы жылдың қыркүйегінде елде 544 мың ЖРВИ тіркелді. Бұл өткен жылыдң қыркүйегімен салыстырғанда 27 пайызға төмен. Тұмау жағдайлары тіркелген жоқ», - деді ол.

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, тұмауға қарсы вакцина сатып алынды және халықтың екпе алынуы тиісті санатына екпе жасалып жатыр. Сондай-ақ ол Орталық референдум комиссиясына референдум өткізу кезінде дауыс берушілердің легін реттеуге кеңес берді.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.