{metadescription}
Visa арқасында TransferGo Орталық Азия, Кавказ және Молдованың Visa карталарына аударымдар үшін шекарааралық төлемдерді жеңілдетіп, кэшбэк ұсынады

Visa арқасында TransferGo Орталық Азия, Кавказ және Молдованың Visa карталарына аударымдар үшін шекарааралық төлемдерді жеңілдетіп, кэшбэк ұсынады

Сандық төлемдер бойынша әлемдік көшбасшы Visa компаниясы жаһандық ірі финтех ұйымының бірі TransferGo-мен бірлескен жобаларын жалғастыруда.

Аталмыш науқан TransferGo-дің Ұлыбритания мен ЕО-дағы тұтынушыларына Орталық Азия, Кавказ және Молдова елдеріндегі Visa карта қолданушыларына 5%-ға дейін кэшбэк алу мүмкіндігі бар ақша аударымдарын жасауға мүмкіндік береді.

Visa арқасында, 1 тамыздан 31 қазанға дейінгі уақыт аралығында кез келген ЕО немесе Ұлыбритания картасынан/банк шотынан Орталық Азия, Кавказ және Молдова елдеріндегі Visa карталарына 200 еуро (немесе басқа валюталардағы баламасы) жіберетін TransferGo клиенттері 10 еуро (немесе баламасы) кэшбэк ала алады. Бұл ұсыныс тек жаңадан қосылған тұтынушылар үшін қол жетімді.

«Бұл бастама тек ақша аударымдарының құндылығын арттырып қана қоймай, сонымен қатар, қарапайым, тиімді және қолжетімді қаржылық қызметтерді ұсынып, жаһандық қаржылық инклюзивтілікті қолдау жөніндегі миссиямызды айқындай түседі», – деді TransferGo компаниясының Аймақтық өсу менеджері Анастасия Фоменко (Anastasya Fomenko).

Visa компаниясының клиенттік маркетинг жөніндегі аға жетекшісі Удай Каушик Пател (Uday Kaushik Patel) мырза былай деп пікір білдірді:

«Сонымен қатар, Visa компаниясы арқасында Ардан Ғалымұлы, Оксана Чусовитина және Лаша Бекаури сияқты Олимпиада және Паралимпиада спортшылары халықаралық қаржылық төлемдер мен қаржылық инклюзивтілік туралы хабардарлықты арттыру үшін TransferGo компаниясына қолдау көрсетті».

Орталық Азия, Кавказ және Молдова елдері бойынша TransferGo соңғы 24 айда транзакция көлемінің 170%-ға және ақша айналымының 181%-ға өскенін хабарлады, бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда айтарлықтай артқан. Бұл өсу тенденциясы ақша аударудың әділ мүмкіндіктеріне деген маңызды сұранысты көрсетеді  және TransferGo компаниясының миссиясын нығайта түседі.

TransferGo компаниясы спортшыларды, сондай-ақ күнделікті өмірде ерлік көрсетіп жүрген жандарды теңдей қошеметтеп, Visa командасы спортшыларының жеңістің айрықша сәттеріндегі көріністерімен бірге, өз отбасы мен достарын қашан да қолдауға тырысатын күнделікті өмір қаһармандарымен қатар бейнелеген «Үйден тыс» («Out Of Home») шығармашылық маркетингтік кампаниясын іске қосты. 

TransferGo туралы

TransferGo - ғаламдық азаматтарға қарапайым, қолжетімді қаржылық қызметтерді ұсынуға арналған жаһандық финтех компаниясы. Шамамен 12 жылдық инновацияларды атап өтіп, TransferGo қаржылық кедергілерді жоюды жалғастыруда: 160 елдегі 7 миллионнан астам тұтынушыға қолдау көрсетеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде