{metadescription}
Серік Ерубаев Мәжілістің Заңнама комитетінің құрамына сайланды

Серік Ерубаев Мәжілістің Заңнама комитетінің құрамына сайланды

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Серік Ерубаев палатаның Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің құрамына сайланды.

«ҚР Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» Заңының 14-бабына сәйкес, палатаның отырысында тұрақты комитеттердің мүшелері сайланады. Осы орайда депутаттың өтінішін ескере отырып, Мәжіліс депутаты Серік Ерубаевты Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің құрамына сайлауды ұсынамыз», - деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Снежанна Имашева.

Жалпы отырыста палата депутаттары аталған ұсынысты қолдады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде