{metadescription}
Өскеменде пәтер алуға көмектесеміз деп халықты алдаған алаяқтар 142 млн теңге пайда көрген

Өскеменде пәтер алуға көмектесеміз деп халықты алдаған алаяқтар 142 млн теңге пайда көрген

Өскемен қаласында мемлекеттік бағдарламамен пәтер сатып алуға көмектесеміз деп халықты алдаған алаяқтар 142 млн теңге пайда тапқан, деп жазады kazinform.

Қалалық ПБ Ертіс полиция бөліміне хабарласқан азамат алаяққа алданып қалғанын жеткізген. Оның айтуынша, 2022 жылдың қараша айында белгісіз біреулер пәтер алуға көмектесуге уәде беріп, 5 млн теңге алған. Бірақ сөздерінде тұрмай, хабар-ошасыз кеткен. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктілерді қолға түсірді. Олардың тағы 32 ұқсас қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды.

«39 жастағы ер адам мен 41 жастағы әйел 2021 жылдан бастап тұрғындардың сеніміне кіріп, мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға көмектесеміз деп уәде беріп, ақшаны алғаннан кейін жоғалып кетіп отырған. Осының салдарынан жәбірленушілерге 142 млн теңге материалдық залал келтірілді», - делінген облыстық Полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Қазіргі уақытта екеуі де қамауға алынды. Алаяқтық фактілері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде