{metadescription}
Қазақстан мен Қатар арасындағы күдіктілерді экстрадициялау тәртібі реттеледі

Қазақстан мен Қатар арасындағы күдіктілерді экстрадициялау тәртібі реттеледі

ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасындағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы келіп түсті.

«Келісімге 2024 жылы 14 ақпанда Дохада қол қойылды. Ол екі тараптың құзыретті органдары арасындағы екі елдің аумағында анықталған адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту немесе сот үкімін орындау үшін экстрадициялау бойынша өзара қарым-қатынастарды реттеуге бағытталған. Шарт екі елдің қылмысқа қарсы күресіндегі ынтымақтастығының тиімділігін арттырады», - деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Снежанна Имашева палатаның жалпы отырысында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде