{metadescription}
Бизнеске кредит беру рәсімдері цифрландырылады

Бизнеске кредит беру рәсімдері цифрландырылады

Бизнеске кредит беру рәсімдері цифрландырылады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен мәлім етті.

«Бүгінде экономиканың нақты секторына кредит берудің өсуін қамтамасыз ету маңызды міндеттердің бірі саналады. Нақты секторға реттеушілік деңгейде кредит беруді ұлғайту мақсатында 2024 жылғы маусымда агенттік Ұлттық банкпен және банк секторымен бірлесіп, ынталандырушы пруденциялық шараларды іске асырды. Қабылданған шаралар банктерге экономиканың басым салаларындағы ШОБ қарыздары бойынша тәуекел-саралау коэффициенттерін 75 пайыздан 50 пайызға дейін және синдикатталған қарыздар бойынша 100 пайыздан 50 пайызға дейін төмендету арқылы нақты секторға кредит беру үшін капиталды босатуға мүмкіндік берді. Банктердің өтімділігін босату үшін 2026 жылға дейін өтімділік коэффициенттерінің (LCR, NSFR) мәндері 0,9 деңгейіне дейін төмендетілді. Сондай-ақ өтімділік коэффициенттерін есептеу тәртібіне қойылатын талаптар жеңілдетілді», - деп атап өтті агенттіктен редакцияның ресми сауалына берген жауабында.

Ведомствоның атап өтуінше, банктер қалыптастыратын провизиялар деңгейін төмендету мақсатында мәжбүрлі қайта құрылымдау өлшемшарттарын қайта қарау арқылы провизияларды есептеуге қойылатын талаптар жеңілдетілді. Мұндай шара банктерге клиенттердің кредиттеріне қатысты неғұрлым икемді болуға мүмкіндік береді және кредит берудің ұлғаюына ықпал ететін болады.

Заңнамалық деңгейде ірі инвестициялық жобаларға кредит беруді қамтамасыз ету үшін 2024 жылғы маусымда синдикатталған кредит беруді дамытуға бағытталған түзетулер қабылданды. Түзетулерде синдикатқа қатысушылардың құрамын шетелдік банктер есебінен кеңейту, сондай-ақ синдикатқа қатысушылардың кепіл құқықтарын күшейту көзделген.

Осы бастамаларды қолдау үшін 2023 жылы даму институттары мен жеке банктердің қатысуымен Жобалық кеңсе құрылды. Бүгінгі күні құны 1,4 трлн теңге болатын 8 жобаның ішінде 444 млрд теңгеге 4 жобаны қаржыландыру басталды. Бұл синдикатталған кредит беру тетігін одан әрі дамытуға ықпал ететін болады. 

Сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқықтары түріндегі кепіл тетігінің тиімділігін арттыруды көздейтін заңнамалық түзетулерді қабылдау арқылы банктердің кепіл саясаты жеңілдетілді. 2024 жылғы сәуірде уақытша жер пайдалану құқықтары түріндегі кепілді сату рәсімдерін реттейтін заңнамалық түзетулер қабылданды. 

Бизнес субъектілерінің инвестициялық жобаларына кредит беру үшін банктердің мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында Ұлттық банкпен бірлесіп, нақты сектор жобаларын одан әрі кредиттеуде БЖЗҚ зейнетақы активтерін нарықтық жағдайларда сенімді банктердің облигацияларына инвестициялау есебінен банктерді қорландырудың ұзақ мерзімді базасын кеңейту тетігі әзірленді. 

«Кредит беруді ынталандыру жөніндегі жұмыстың маңызды бағыты - банктердегі кредиттерді мақұлдау рәсімдерін одан әрі оңтайландыру және оңайлату. Осы мақсатта бизнеске кредит беру рәсімдерін цифрландыру бойынша жұмыс жүргізілуде, атап айтқанда, Smart Bridge платформасы және электрондық Үкімет шлюзі арқылы банктерді мемлекеттік дерекқорымен ықпалдастыру жалғастырылды. Тиісті ведомствоаралық жол картасы қабылданды, оны іске асыру нәтижесінде 2023 жылы банктердің ақпараттық жүйелерін заңды тұлғалар, жылжымайтын мүлік, салық деректері, лицензиялау, заңды тұлғаны тіркеуге өтініш беру, заңды тұлғалардың кірістері және т.б. бойынша деректерге қатысты 37 сервиспен ықпалдастыру қамтамасыз етілді», - деді агенттіктен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде