{metadescription}
Түркістан облысында мектептердегі проблемаға қатысты прокуратура іс қозғады

Түркістан облысында мектептердегі проблемаға қатысты прокуратура іс қозғады

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиеваның мәлімдемесінен кейін Түркістан облысының прокуратурасы өңірдегі мектептерде болған проблемаға әрекет етті.

Айта кетейік, Д. Закиева бұған дейін Түркістан облысындағы мектептерде буллинг, ерте жүктілік және өз-өзіне қол жұмсау фактілерін айтқан болатын. Сонымен қатар ол әлеуметтік қызметкерлер мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар проблемаларды елемей жүргенін айтты.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтен осы деректерді тексеру мүмкіндігі туралы сұрады.

«Бұл мәліметтерді оқыдым. Бұл мәселе Түркістан облысы прокуратурасының бақылауында тұр. Менің білуімше, іс қозғалды. Барлығы сотқа дейінгі тексеру сатысында», - деді Ғ. Қойгелдиев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде