{metadescription}
Пара таеквондодан екі дүркін әлем чемпионы Нышан Өмірәлі өмірден өтті

Пара таеквондодан екі дүркін әлем чемпионы Нышан Өмірәлі өмірден өтті

Пара таеквондошы Нышан Өмірәлі өмірден өтті. Қаралы хабарды әлеуметтік желіде Жамбыл облысы әкімдігі Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ернар Ибраимов жеткізді.

«Өкінішке орай қаралы хабарды естідік... Тағдырдың талай қиындығын көрсе де мойымаған, жаны жайсаң Нышан Өмірәлі мәңгілік мекеніне аттаныпты. Пара таеквондодан екі дүркін әлем чемпионы (Мәскеу, 2014, Лондон, 2017), Азия чемпионатының күміс жүлдегері (Хошимин-2022), пара Азия ойындарының күміс жүлдегері (Ханчжоу-2023), екі дүркін Паралимпиада ойындарына қатысушысы. Аз ғана ғұмырында талай игі ісімен көптің көңілінде қалған Нышанның жақындарына көңіл айтамын. Жаратқан панасына алсын!» - деп жазды ол.

Дереккөз: Kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде