{metadescription}
Қор нарығында доллар қымбаттады

Қор нарығында доллар қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қортындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 2,88 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 483,23 теңге.

Ұлттық банктің 2 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 480,11 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,14 теңге.

Еуро – 532,25.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 482,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 484,1 теңге. Еуро 535,5 — 537,5 теңге аралығында саудалануда.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 480 теңге, сатып алу құны – 485 теңге.

Еуро 531 теңгеден сатылып, 537 теңгеден сатып алынады.

Ресей рублі 5,05 – 5,15 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде