{metadescription}
СҚО-да тракторист-машинист куәліктерін заңсыз беру фактілері анықталды

СҚО-да тракторист-машинист куәліктерін заңсыз беру фактілері анықталды

Солтүстік Қазақстан облысында прокурорлардың тексерісі барысында 14 адамға ауыл шаруашылығы көлігін жүргізу куәлігі заңсыз берілгені анықталды.

СҚО прокуратурасының мәліметінше, заңнама талаптарын өрескел бұзу фактілері жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы заң бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу бойынша жүргізілген жұмыс барысында анықталған. 

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің лауазымды тұлғасы аудандық соттың былтыр тамыз айындағы қаулысын есепке алмай, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған «Б» есімді адамға осы жылдың сәуір айында тракторшы-машинист куәлігін заңсыз берген.

Осыған ұқсас заң бұзушылықтар Айыртау, Есіл, Қызылжар, Мамлют, Шал ақын, Тимирязев, Уәлиханов аудандарының және Петропавл қаласының ауыл шаруашылығы бөлімдерінде анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заңсыздыққа жол берген лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылып, 2 тракторист-машинист куәліктері уәкілетті орган тарапынан тәркіленіп, жойылды.

Қалған 12 куәлікті жарамсыз деп тану бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.