Астананың бас санитар дәрігері тағайындалды
Денсаулық сақтау министрлігі аппараты басшысының бұйрығымен Шағалтаева Айгүл Қошмұхаметқызы Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы болып тағайындалды. Қазақстанның Бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова өзінің орнына келген елорданың бас санитар дәрігерін ұжымға таныстырды.
Фото: Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
19:04 02.10.2024
Айгүл Шағалтаева 1968 жылдың 26 шілдесінде Қарағанды облысында дүние келген.
1993 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институты, гигиенист- эпидемиолог дәрігері мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 1993 жылы Ақмола қаласы санитарлық- эпидемиологиялық станциясының санитарлық дәрігер болып бастады;
1998 жылдан 2001 жылға дейін Ақмола қаласы санитарлық- эпидемиологиялық станциясының санитарлық бөлімінің меңгерущісі;
2001 жылдан 2003 жылға дейін Астана қаласы санитарлық –эпидемиологиялық басқармасының санитарлық -дәрігер ;
2003 жылдан 2005 жылға дейін Астана қаласы медициналық колледжісінің оқытушысы ;
2005 жылдан 2007 жылға дейін Астана қаласы санитарлық –эпидемиологиялық қадағалау департаментінің құрылыс және объектілерді қайта құру бөлімінің бас маманы;
2007 жылдан 2014 жылға дейін Астана қаласы санитарлық –эпидемиологиялық қадағалау департаментінің емдеу профилактикалық объектілерге бақылау және дезинфекциялау, стерилизациялау іс-шараларын жүргізу бөлімінің бастығы ;
2014 жылдан 2017 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірлігі Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша Тұтынушылардың құқығын қорғау Департаментінің ішкі ауруханалар инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы ;
2017 - 2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министірлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау Департаменті басшысының орынбасары;
2019 жылдан бастап «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті» басшының орынбасары.
Биылғы 2 қазаннан бастап Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы болып жұмыс істеген еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!