{metadescription}
Талғат Орынбасар дзюдодан әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді

Талғат Орынбасар дзюдодан әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді

Қазақстандық дзюдошы Талғат Орынбасар Тәжікстан астанасы Душанбеде өтіп жатқан дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Бұл туралы ҰОК-нің баспасөз қызметі хабарлады. 

60 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз италиялық балуан Винченцо Манферлоттиді жұбаныш айналымында таза жеңді. Осылайша, Орынбасар қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды.

Ол Әзербайжаннан келген дзюдошы Низами Имрановты жеңіп, қола жүлдені еншіледі. Айта кетелік, бұл – аталған чемпионаттағы Қазақстан командасының алғашғы жүлдесі. 

66 келіге дейінгі салмақтағы Мағжан Әлжановтың да үшінші орынға таласуға мүмкіндігі болған еді. Алайда ол жұбаныш айналымында қарсыласы италиялық спортшы Алессио Де Лукеге есе жіберді. 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде