{metadescription}
Семейде аса ірі көлемде марихуана сақталған есірткі қоймасы анықталды

Семейде аса ірі көлемде марихуана сақталған есірткі қоймасы анықталды

Семей қаласында аса ірі көлемде марихуана сақталған есірткі қоймасы анықталды.

Абай облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары Семей іргесіндегі қараусыз қалған үйде есірткі сақталғанын анықтады.

«Бұл орынды есірткі сатушылар уақытша қойма ретінде пайдаланған. Қазіргі уақытта күдікті қолға түсті. Ол бұрын сотталған 40 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Тәркіленген кептірілген марихуананың жалпы салмағы 66 келіден асады. «Қара нарықта» мұндай есірткінің құны шамамен 10 млн теңгені құрайды», - делінген ақпаратта.

Полицейлер есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде