{metadescription}
11 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды

11 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды

Бұл туралы Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов мәслихат депутаттарының форумында айтты.

«Халықтың ерекше қолдауына ие болып отырған тағы бір бастама – «Жер аманаты» жобасы. Бұл жұмысты Үкіметпен, Бас прокуратурамен, жергілікті атқарушы органдармен бірге жүргізіп жатырмыз. Қазіргі таңда 11 млн га жер мемлекетке қайтарылды», - деді Е.Қошанов.

Ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы да жемісті іске асуда. Соның арқасында мыңдаған азамат шағын кәсібін ашып, тұрмысын түзеді. Жоба жүздеген отбасының атаулы әлеуметтік көмектен арылуына септігін тигізді.

«Бұдан бөлек, нағыз еңбек адамдарына деген көзқарас өзгерді, қолдау күшейді. Бір ғана мысал, зиянды өндірісте жұмыс істейтін еңбеккерлердің зейнет жасы төмендетілді. Бұл шахтада, карьерлерде, металлургиялық цехтарда зиянды әрі қауіпті жұмыс істеп жүрген жүз мыңдаған жұмысшыны қамтыды. «Жұмысшы мамандықтары жылы» осындай игі істерден басталғалы отыр», - деді партия төрағасы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде