{metadescription}
Ақтөбеде мас күйінде көлік жүргізген әйел шұңқырға түсіп кетіп, бірнеше үй газсыз қалды

Ақтөбеде мас күйінде көлік жүргізген әйел шұңқырға түсіп кетіп, бірнеше үй газсыз қалды

Ақтөбе қаласы Алтын орда шағын ауданында 8 тұрғын үй кешені газсыз қалды.

Мас күйінде көлік жүргізген әйел шұңқырға түсіп кетіп, құбырды зақымдаған, деп жазады kazinform.

Оқиға бүгін сағат таңғы 06:30 шамасында болды. Облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың айтуынша, Mercedes маркалы автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі жол құрылысы кезінде қазылған шұңқырға түсіп кеткен. 

«Жүргізуші әйел мас болған. Жол-көлік оқиғасы кезінде ол зардап шекпеді. Қазіргі кезде хаттама толтырылып, іс шешім шығару үшін әкімшілік сотқа жіберілді», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде